Теннис

Қазақстандық теннисшілер Tennis Europe турнирінде топ жарды

Қазақстандық теннисшілер Tennis Europe турнирінде топ жарды
ktf.kz

Қазақстандықтар Линара Бөлешева мен Медина Өтепберген Албанияда 16 жасқа дейінгілер арасында өткен Tennis Europe турнирінде жеңімпаз атанды.

Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сын финалында италиялықтар Иецца мен Маффиді тартысты матчта 6:2, 4:6, 10:2 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. 

Ал жекелей сында Линара финалға дейін жетіп, түркиялық Сера Хасанбасоглуға есе жіберді - 3:6, 3:6.

Айта кетейік, Линара футболдан Қазақстан құрамасында ойнаған Әлібек Бөлешевтің қызы.

Басқа спорттық жаңалықтар