Дзюдо

Камила Берліқаш Душанбеде қола үшін белдеседі

 Камила Берліқаш Душанбеде қола үшін белдеседі
ijf.org

Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдесіне таласады, деп хабарлайды Olympic.kz.

78 келіден жоғары салмақта белдесетін ол жартылай финалда польшалық Кинга Волчакқа есе жіберді. Қарсыласы екі рет «вазари» ұпайын алды. Камила қола үшін тағы бір польшалық спортшы Урсула Хофманмен белдеседі.

Айта кетелік, ерлер арасында Дидар Хамза (90 келі) жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар