Теннис

WTA жаңартылған рейтингін жариялады

WTA жаңартылған рейтингін жариялады
ҚТФ

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек, белоруссиялық Арина Соболенко және америкалық Кори Гауфтан кейін бұрынғысынша 4-орында келеді.

Осы аптада басталатын Рим WTA 1000 жарысында Е.Рыбакина өткен жылғы чемпиондық атағы мен 1 мың рейтингілік ұпайын қорғауы керек. Бұл оған оңай түспейтіні анық.

Тағы бір қазақстандық, Мадрид додасының ширек финалында Рыбакинаға жол берген Юлия Путинцева 50-ден 41-ге көтеріліп, ТОП-40-қа жақындады. Путинцеваға өзінің үздік көрсеткішіне (27) жетуі үшін әлі де сәтті өнер көрсетуіне тура келеді.

Жібек Құламбаева 492-ден 499-ға төмендеді.

Жұптық сында үздік үштікте өзгеріс болған жоқ, тайбэйлік Се Шувэй көш бастаса, бельгиялық Элизе Мертенс пен аустралиялық Сторм Хантер оны өкшелеп келеді.

Қазақстандықтардан Анна Данилина 56-дан 51-ге, Жібек Құламбаева 141-ден 138-ге жоғарылады.

Басқа спорттық жаңалықтар