Кәсіби бокс

Канело мен Мунгия салмақ өлшеу рәсімін сәтті өтті

Канело мен Мунгия салмақ өлшеу рәсімін сәтті өтті
"Чемпионат"

5 мамыр түнде Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) отандасы Хайме Мунгиямен (43-0, 34 КО) жекпе-жек өткізеді.

Бүгін боксшылар міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Канело таразыда 75,6 келі тартты, ал Мунгия 75,9 болды.

Бұл айқаста Канелоға тиесілі екінші орта салмақтағы WBC, WBA, IBF, WBO және The Ring титулдары сарапқа салынады.

Басқа спорттық жаңалықтар