Гимнастика
Тағы бір қазақстандық бұрымды гимнаст Азия чемпионы атанды
instagram.com/bota_2004
Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Айбота Ертайқызы Ташкенттегі Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық гимнаст таспамен жаттығуда көш бастады. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады.
Бұл сайыста күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапондық Рейна Мацусака иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола жеңіп алған еді.