Гимнастика

Таниева Ташкентте екінші алтын жеңіп алды

Таниева Ташкентте екінші алтын жеңіп алды
Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші аллтын жеңіп алды.

Ол шығыршықпен жаттығуда 33,90 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды. Бұл сайыста күмісті жапониялық Рейна Мацусака, қоланы қазақстандық Айбота Ертайқызы еншіледі.

Айта кетелік, бұған дейін Таниева осы жарыстағы көпсайыста алтын иеленіп, Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алған.

Басқа спорттық жаңалықтар