Гимнастика

Қазақстанның жастар командасы көркем гимнастикадан АЧ-де жеңімпаз атанды

Қазақстанның жастар командасы көркем гимнастикадан АЧ-де жеңімпаз атанды
Ұлттық олимпиадалық комитет

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль қоржынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға қол жеткізді.

Еске салайық, кешегі жарыс күнінде Эльжана Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен болатын. Бүгін жекелеген жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар