Қаақстандық Qazaqstan Hockey Open турнирінде Беларусьтен ұтылды

Астанада басталған шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open турнирінде Қазақстан құрамасы Беларусь командасына есе жіберді.
Кездесу барысында Беларусь хоккейшілері белсенділік көрсетті. Олар бірінші кезеңде қатарынан үш шайба соғып кетті.
Алғашқы шайбаны Александр Скоренов небәрі 10 секундта соғып кетсе, Александр Скоренов 11 және 19-минуттарда мергендік танытты. Екінші кезеңде қазақстандық Кирилл Панюков 21-минутта есеп айырмасын қысқартса, беларусьтік Игорь Мартынов 23-минутта басымдықты арттыра түсті.
Ал қазақстандық Әділ Бекетаев 32, Роман Старченко 42, Леонид Метальников 54-минуттарда шайба соқты.
Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Виталий Пинчук жеңіс голын соғып, Беларусь құрамасы басым түсті.