Футбол

Ниддерландылық экс футболшы ҚҚФ-ға жауапты қызметке келді

Ниддерландылық экс футболшы ҚҚФ-ға жауапты қызметке келді
kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы кеңсесінде ҚФФ даму департаментінің жаңа басшысы ретінде нидерландылық маман Реймонд Аттевельд таныстырылды.

Аттевельд ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында жаңа қызметіндегі жоспары туралы айтып берді.

«Менің мақсатым – Қазақстандағы элиталы балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына үлесімді қосу. Даму департаментінің директоры ретінде елдегі футбол инфрақұрылымы мен ойын деңгейінің жақсаруын үнемі қадағалауым қажет. Әйелдер командасына да, ерлер командасына да бапкерлерді дайындауды, ойыншылардың жеке шеберлігін дамытуды қолға аламыз. Бұл бастама болашақта ұлттық құраманың ойынына оң әсер ететініне сенімдімін.

Біз Қазақстандағы дарынды балаларды іздеу жүйесін жақсартамыз. Ойыншының әлеуетіне назар аударып, оның мықты және әлсіз тұсын ескере отырып, жеке даму жоспарын дайындап шығу. Бұл назардан тыс қалуы мүмкін дарынды ойыншыларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», – деді Аттевельд.

Реймонд Аттевельд 1966 жылы 8 қыркүйекте Амстердамда өмірге келген. Футболшы мансабында нидерландылық «Харлем», «Рода», «Витесс», «Эвертон», ағылшынның «Бристоль» командаларында ойнаған. Нидерландылық маман бапкер болып та көрген. Ол «Шахтер» (Украина), «Маккаби Нетания», «Маккаби Тель-Авив» (Израиль), АЕЛ Лимасол (Грекия) командаларында жұмыс істеді. 2013-2016 жылдары «Қайрат» футбол клубының академиясында қызметте болған.

Басқа спорттық жаңалықтар