Теннис

Рыбакина жартылай финалда Соболенкодан тағы ұтылды

Рыбакина жартылай финалда Соболенкодан тағы ұтылды
Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 - Mutua Madrid Open турнирінің жартылай финалынан аса алмады.

Қазақстандық теннисші белоруссиялық Арина Соболенкомен тағы кездесті де, Соболенко 7:6, 7:6 есебімен ұтты. Осылайша, теннисшілердің өзара есебі осымен 6:3 болғанын айта кетейік, яғни олар өзара 9 рет ойнап, оның алтайында белоруссиялық теннисші ұтқан.

Енді турнир финалында Арина Соболенко польшалық Ига Швентекпен матчте жарыс жеңімпазын анықтайды.

Басқа спорттық жаңалықтар