Теннис

Қазақстандық Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстанның екінші, әлемнің 195-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шампейнде (АҚШ) өтіп жатқан челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Kazinform.


Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бірінші кездесуді әлемдік рейтингте 303-орында тұрған италиялық Энрико Далла Валлемен өткізді. Жұқаев италиялық спортшыны 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчте Бейбіт 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.


Енді Бейбіт ширек финалға шығу үшін рейтингте 298-сатыда орналасқан хорватиялық Нино Сердарушичпен ойнайды. Қазақстандық теннисші бұған дейін Шарлотсвилл (АҚШ) турнирінде Сердарушичті ұтқан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар