Футбол

"Манчестер Юнайтедтің" тағы бір атақты ойыншысы Сауд Арабиясына кетуі мүмкін

manutd.com

"Манчестер Юнайтед" пен Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Каземиро Англия чемпионатынан кетуі мүмкін.


Журналист Алекс Круктің мәліметінше, 31 жастағы хавбекке Сауд Арабиясының клубтары көз тігіп отыр. Бірақ нақты қай командалар екені нақтыланбады.


Осыған дейін "МЮ" сапынан Криштиану Роналду Сауд Арабиясы лигасына кеткені белгілі. 


Каземиро "Манчестер Юнайтед" сапына "Реалдан" былтыр жазда ауысып, 2026 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырған. Трнасфер құны 70,65 миллион еуро болған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар