Бокс

Әйгілі Рой Джонс Қазақстан боксшыларына баға берді

Әйгілі Рой Джонс Қазақстан боксшыларына баға берді
Рой Джонс

Аты аңызға айналған америкалық боксшы Рой Джонс қазақстандықтарды әуесқойдағы ең қауіпті бәсекелестер деп атады.

Бұрынғы абсолют чемпион Ресей құрамасының Еуропа чемпионатындағы триумфы жайлы айтып, оларға басты бәсекелестерді атады.

"Мен ресейліктердің бірнеше жекпе-жегін тамашаладым. Нақты есімдерін атай алмаймын, бірақ олар мықты болды, маған көргенім ұнады. Ресейлік боксшыларда карьера жасауға мықты негіз бар", - дейді Джонс "Матч ТВ" арнасына.

- Ал ресейліктерге құрлықта кім басты бәсекелес дер едіңіз?

"Ол Қазақстан, Өзбекстан деп ойлаймын, мүмкін, Ирландия мен Франция", - дейді ол.

Басқа спорттық жаңалықтар