ХК "Барыс"

Жастар арасында әлем чемпионы. «Барыс» канадалық ойыншыны сапына қоспақ

Швейцариялық «Аджойе» хоккей командасының орталық шабуылшысы Фредерик Готье астаналық «Барыс» сапына өтуі мүмкін.

Алайда бұл хоккейшіге Мәскеу маңындағы "Витязь" бен Минскінің «Динамо» клубтары да көз тішіп отыр.

29 жастағы канадалық ойыншы өткен маусымда «Ажуа» сапында 44 кездесу өткізіп, 18 (10+8) ұпай жинаған. Хоккейші Торонто Мейпл Лифс, Аризона Койотс және Нью-Джерси Девилс командалары үшін НХЛ тұрақты чемпионаттарында 178 матчке қатысып, еншісіне 31 ұпай (13+18) жаздырған.

Готье Канаданың жасөспірімдер және жастар құрамаларының сапында әлем чемпионы атанған болатын

Басқа спорттық жаңалықтар