Хоккей

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан дивизиондағы орнын сақтап қалуға тырысады

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан дивизиондағы орнын сақтап қалуға тырысады
ҚХФ

Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға шыққан командалар анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы В тобында 3 ұпаймен соңғы орында қалды. Енді Георгий Верещагин шәкірттері элиталы дивизиондағы орнын сақтау үшін А тобында көш соңында қалған Норвегияға қарсы ойнайды. Кездесу 2 мамырға жоспарланған.

Айта кетелік, Қазақстан командасы топтағы соңғы ойында 3:11 есебімен Канада құрамасына жол берді. Әлем чемпионатының ширек финалында төмендегі командалар өзара кездеседі:

АҚШ-Швейцария;

Финляндия - Швеция;

Канада - Латвия;

Чехия - Словакия.

Басқа спорттық жаңалықтар