Теннис

Жұптық сында Данилина Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті

Жұптық сында Данилина Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті
ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Испанияның Лерида қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясындағы турнирдің ширек финалына жетті.

Данилина мен эстониялық Ингрид Нилмен бірге алғашқы кездесуін америкалықтар Хейли Баптисте мен Алисия Паркспен ойнап, бір жарым сағатқа созылған матчте  7:6 (7:0), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында Нил – Данилина 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Енді қазақстандық - эстониялық дуэт жартылай финалға өту үшін жапониялық Нао Хибино мен тайбэйлік Ву Фанг-Хсиенмен жұбын ұту кеерк.

Басқа спорттық жаңалықтар