Футбол

Чемпиондар лигасы: жартылай финалдың бірінші матчінде "Боруссия" ПСЖ-ны ұтты

Чемпиондар лигасы: жартылай финалдың бірінші матчінде
bvb.de

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы бірінші ойында "Боруссия Дортмунд" Париждің ПСЖ клубынан басым түсті. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойында "Боруссияға" жеңіс сыйлаған голды 36-минутта Никлас Фуллкруг соқты. Оның жойқын соққысын Доннарума қайтарып үлгермеді.

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппенің гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда оның тепкен добы қақпа бағанына тиюмен болды.

Екі команда арасындағы қарымта ойын 8 мамыр күні Парижде өтеді.

Айта кетейік, кеше өткен жартылай финалдағы ойында "Бавария" мен "Реал" 2:2 есебімен тең түскен болатын.


Басқа спорттық жаңалықтар