Теннис

Жұқаев Гуанчжоудағы Челенджердің ширек финалына жетті

Жұқаев Гуанчжоудағы Челенджердің ширек финалына жетті
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Қытайдың Гуанчжоу ұаласында өтіп жатқан Челленджер сериясындағы турнирдің ширек финалына өтті.

1/8 финалда Бейбіт қытайлық Ригел Темен кездесіп, теннисшілер екі сағаттан астам уақыт ойнады. Бұл матчте 7:5, 7:6 (7:3) есебімен қазақстандық теннисші ұтты. Ойын барысында Жұқаев 12 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Те болса 6 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Енді Жұқаев жартылай финалға жолдама үшін осы жарыстың 3-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтонды ұтуы қажет. 

Басқа спорттық жаңалықтар