Теннис

Рыбакина Испаниядағы турнирде өзге қазақстандық теннисшіге қарсы ойнады

Рыбакина Испаниядағы турнирде өзге қазақстандық теннисшіге қарсы ойнады
olympic.kz

Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалында қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бетпе-бет келді.

Жартылай финалға жолдама үшін матчтің бірінші сетінде Путинцева басым болды, алайда укейінгі екі сетте Рыбакина ұтып, 4:6, 7:6, 7:5 есебі тіркелді.

Осылайша, екі сағат 48 минут жалғасқан тартысты матчте Елена жеңіске жетіп, жарысты ары қарай жалғастыратын болды.

Басқа спорттық жаңалықтар