Түркия Суперлигасы

Зайнутдинов Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі шешуші матчтары алдында ауыр жарақат алды.

Зайнутдинов Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі шешуші матчтары алдында ауыр жарақат алды.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов «Бешиктастың» Ыстамбұл Башакшехирге қарсы ойынында жарақат алды. Клубтың мәліметінше, Зайнутдинов бетінен алған соққының салдарынан мұрын сүйегі мен орбита түбі сынған. Оған ота жасалды.Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахиёр Зайнутдиновтың жарақатына қатысты мәлімдеме жасады. Бахтиёр Зайнутдиновтың жарақаттан кейінгі болашағы белгілі болды «Құрметті жанкүйерлер! Бактияр Зайнутдинов «Бешикташ» - Стамбул Башакшехир матчында ауыр жарақат алды, ұлттық құраманың алдағы матчтарға қатысуы екіталай. Дәрігерлердің қорытындысы белгілі болмайынша, Бахтиердің жарақатының қаншалықты ауыр екенін нақты айта алмаймыз. Бахтиердің жағдайы туралы жақын арада хабарлаймыз. Әзірге тезірек сауығып кетуін тілейміз!»,- делінген хабарламада.

Басқа спорттық жаңалықтар