Грек-рим күресі

Соңғы лицензиялық турниге ерлерден екі қазақстандық балуан барады

Соңғы лицензиялық турниге ерлерден екі қазақстандық балуан барады
Kazakhstan Olympic Team

Біріккен күрес әлемі (UWW) Стамбулда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысатын балуандар тізімін жариялады, деп жазады Olympic.kz.

UWW тізіміне сәйкес, грек-рим күресінен Қазақстан атынан екі балуан күреседі. Олар - Дін-Мұхаммед Қошқар (67 келі), Юсуф Мациев (97 келі).

Дін-Мұхаммед Қошқар Қазақстан чемпинонатының финалында Мейіржан Шермаханбеттен ұтылған болатын. Бірақ екінші нөмірлі спортшы ретінде Бішкектегі Азия чемпионатына қатысқан жоқ.

Ал Юсуф Мациев 97 келі салмақта құрлық біріншілігінің финалына шығып, күміс жүлдегер атанған.

Басқа спорттық жаңалықтар