Теннис
19 жастағы қазақстандық теннисші Грузиядағы жарысты сәтті бастады
ҚТФ
19 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Грузияның Лопота қаласында өтіпжатқан ITF W50 турнирін сәтті бастады.
WTA рейтингінде 809-орындағы Аружан турнирдегі бірінші матчін корт қожайыны Анамария Курцикашвилимен өткізді. Кездесу екі сетте 6:0, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Енді Сағындықова 1/8 финалда осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген ресейлік Кира Павловамен кездесу өткізеді.