Теннис

Бублик Мадридтегі тунирдің ширек финалына жолдама үшін таласады

Бублик Мадридтегі тунирдің ширек финалына жолдама үшін таласады
ҚТФ

Александр Бублик Мадридтегі (Испания) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда 21 жастағы америкалық Бен Шелтонмен екі сағаттана стам уақыт ойнап, 6:3, 7:6 (7:2), 6:4 есебімен ұтты.

Бұл матчта Бублик 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.

Енді Александр ширек финалға өту үшін әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев пен америкалық Себастьян Корда матчінің жеңімпазымен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар