Гимнастика

Қазақстандық гимнастшылар Ташкентте жүлдеге іліге алмады

Қазақстандық гимнастшылар Ташкентте жүлдеге іліге алмады
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшылар Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова жекелеген жаттығулар бойынша финалда өнер көрсетті. Соңғы сайыста Милана Парфилова шығыршық жаттығуы бойынша бесінші орын алды. Ал Эрика Жайлауова доп жаттығуы бойынша жетінші орыннан көрінді.

Топтық жаттығу бойынша Қазақстан құрамасы жарысты жетінші орынмнен аяқтады.

Басқа спорттық жаңалықтар