Стенд ату

Тағы бір қазақстандық мерген Парижге жолдама иеленді

Тағы бір қазақстандық мерген Парижге жолдама иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Эдуард Ещенко Париждегі Олимпиада ойындарына квота жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ещенко Дохада (Катар) өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ол «скит» бағдарламасы бойынша іріктеуден өтіп, финалға жолдама алды. Ал шешуші раундта үшінші орыннан көрініп, Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.

Айта кетейік, бұған дейін «трап» бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко олимпиада жолдамасын иеленген еді.

Басқа спорттық жаңалықтар