0

Қазақстандық жас теннисші үшініш рет ITF Juniors турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық жас теннисші үшініш рет ITF Juniors турнирінде жеңімпаз атанды
ҚТФ

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Түркияның Измир қаласында өткен ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші финалда Түркияның жасөспірімдер арасында бірінші, осы жарыстың 1-ракеткасы Мелих Анаватанды 3:6, 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

«Финалдық бәсеке өте тартысты болды. Бірінші сетте есе жібергеннен кейін екінші партияда жоғары ойын деңгейін көрсете алдым. Қорытындысында жеңіске жетіп, жекелей сында 2024 жылдағы алғашқы титулыма қол жеткізгеніме қуаныштымын», - дейді Заңғардың өзі.

Еске салайық, Заңғар былтыр Армения мен Словакияда өткен ITF Juniors жарыстарында да жеңімпаз атанған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар