Семсерлесу

Әйгерім Сарыбай Парижге жолдама жеңіп алды

Әйгерім Сарыбай Парижге жолдама жеңіп алды
Нұрғали Жұмағазы

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан семсерлесуден іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы олимпиада квотасын еншіледі, деп жазады Olympic.kz.

Саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай сәтті өнер көрсетті. Ол финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Нәтижесінде, ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.

\Айта кетелік, аталған сында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана олимпиадалық квота иегері атанады.

Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар