Кәсіби бокс

Әлем чемпионы Жанқош Тұраров үшінші белбеу үшін айқасады

Әлем чемпионы Жанқош Тұраров үшінші белбеу үшін айқасады
instagram.com/zhankoshturarov/

Жартылай орта салмақта IBO және WBA Gold чемпионы Жанқош Тұраров жазда титулдық айқас өткізеді, деп жазады менеджер Ұлжан Мусаханова.

Менеджер әлеуметтік желіде қазақстандық боксшының рингке оралатынын құлақтандырды.

"Жанқош қазір Сочиде жаттығу жиынында. Маусым айының соңы немесе шілденің басы Тұраровқа тағы да жекпе-жек ұйымдастырамыз. Белбеу бойынша келіссөз жүруде, қазірден бастап дайындалып жатырмыз. Жекпе-жек салмақты титуыл үшін болады", - деп жазыпты менеджер.

Басқа спорттық жаңалықтар