Кәсіби бокс

Теренс Кроуфорд өзбекстандық Головкин атанған Мадримовпен жекпе-жек өткізеді

Теренс Кроуфорд өзбекстандық Головкин атанған Мадримовпен жекпе-жек өткізеді
boxingscene.com

Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) бірінші орта дивизионда WBA чемпионы өзбекстандық Исраил Мадримовпен (10-0-1, 7 KO) жекпе-жек өткізеді.

Бұл айқас 3 тамыз Лос-Анджелесте өтетін бокс кешінің басты кездесуі болады. Жекпе-жекте WBO титулы мен Мадримовтың белбеуі сарапқа салынады. 

29 жастағы Мадримов наурызда бұрын жеңіліп көрмеген ресейлік Магомед Курбановты бесінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA титулын иеленген еді. Осы жеңістен кейін промоутер Эдди Хирн өзбек боксшыны "жаңа Геннадий Головкин" деп атаған еді.

36 жастағы Кроуфорд кейінгі рет 2023 шілдеде жұдырықтасып, тоғызыншы раундта отандасы Эррол Спенсті нокаутқа түсірді. Осылайша, ол бірінші орта салмақта абсолют чемпион атанған болатын. Ал осыған дейін бірінші жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған.

Қарсыластар көзарбасу рәсімін де өткізіп үлгерді.


Басқа спорттық жаңалықтар