Семсерлесу

Семсерлесуден Олимпиада жолдамасы берілетін турнирге қатысатын қазақстандықтар іріктелді

Семсерлесуден Олимпиада жолдамасы берілетін турнирге қатысатын қазақстандықтар іріктелді
olympic.kz

27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Төртжылдық додасына жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды: Әйгерім Сарыбай - семсер, Артем Саркисян - семсер, София Николайчук - шпага, Ғалым Нұрымов - рапира, София Ақтаева - рапира.

Айта кетелік, мұнда әрбір қару түрінен бір жолдамадан ойнатылады. Сондықтан, Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек.

Басқа спорттық жаңалықтар