Футбол

"Барселона" Френки де Йонгпен қош айтыспақ қош айтыспақ

Global Look Press

Жазғы трансферлік кезеңде "Барселона" командасы ойыншыларының көбін сатылымға қоймақ. AS ақпараты бойынша команда бірінші болып жартылай қорғаушы Френки де Йонгпен қош айтыспақ.

Нидерланды футболшысы команда сапындағы ең қымбат және ең көп жалақы алатын ойыншылардың бірі. Ал командамен келісімшарт мерзімі 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды.

Френки де Йонг осы маусымда 30 матчқа қатысып, 2 гол соқты.

Қазіргі таңда Transfermarkt интернет порталы ойыншының трансферлік құнын 70 миллион еуроға бағалап отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар