Хоккей

«Барыс» қазақстандық шабуылшымен келісімшартты ұзартты

«Барыс» қазақстандық шабуылшымен келісімшартты ұзартты
"Барыс" ХК

«Барыс» хоккей клубы қазақстандық шабуылшы Әлихан Әсетовпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды комаенданың баспасөз қызметі. Екіжақты келісімшарт бір маусымға есептелген (2025 жылдың 31 мамырға дейін).

Қазақстан құрамасының шабуылшысы карьерасын толықтай «Барыс» жүйесінде өткізген. ҚХЛ тұрақты чемпионатында Әсетов 41 матчта өнер көрсетіп, үш нәтижелі пас жасады

Сондай-ақ, Әлихан «Номад» сапында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. ProLigasy плей-офф кезеңінде ол 12 матч өткізіп, 9 (4+5) ұпай олжалады.

"Әсетовті тәжірибелі ойыншылардың бірі деуге болады, оның ҚХЛ-да өнер көрсетіп келе жатқанына алты жыл болды. Әлихан кез келген жағдайда командаласын қорғауға дайын, мұз айдындағы күрес пен алаң бұрыштарында жасалатын жұмыстан қорықпайды. Сондықтан келесі маусымда командадағы көшбасшы ойыншылардың бірі атанады деп сенеміз", - дейді  астаналық клубтың бас менеджері Олег Болякин.

Басқа спорттық жаңалықтар