Кәсіби бокс

Батыр Жүкембаев 19 қарсыласын сұлатқан украиналықпен жұдырықтасады

Батыр Жүкембаев 19 қарсыласын сұлатқан украиналықпен жұдырықтасады
twitter.com/ProBox_TV

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтің (22-1, 16 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді.

Батыр 22 мамыр АҚШ-тың Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде рингке шығады. Қарсылас El Terrible (жексұрын) лақап атты украиналық Иван Редкач (24-6-1, 19 КО). Жекпе-жек он раундқа есептелген.

Жүкембаев кейінгі рет 13 желтоқсан осы Плант-Сити қаласында жұдырықтасып, төрешілер шешімімен франциялық Мохамед Мимунды (23-6, 4 КО) жеңді де, WBA Continental North Americas белбеуін қорғап қалған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар