ММА

Атышулы қазақ файтер қырғыз спортшыны жекпе-жек алдында "ұрып" жіберді

Атышулы қазақ файтер қырғыз спортшыны жекпе-жек алдында
Видеодан кадр

Қазақстандық файтер Әнуарбек Бекембетов қырғызстандық спортшы Марсель Нурланбековпен (12-0) жекпе-жек алдында жаға ұстасып қалды.

Әлеуметтік желіде шекісіп қалғаннан кейін 38 жастағы қазақстандық файтер Нурланбеков тоқтаған қонақүйге барады. Сол жерде Бекембетов қырғыз спортшыны "қорқақсың" деп айыптап, жекпе-жектен қашып жүргенін айтады.

Ал 26 жастағы Марсель қазақстандыққа "тым көп сөйлейсің" деп, қонақүйге кел деген екен. Осыдан кейінгі оқиғаның видеосын Бекембетов әлеуметтік желіде жариялады.

"Мен оған келмейді деп ойлады, ал мен келдім де жасайтынымды жасадым! Келесіде телефонмен бұлай сөйлемей-ақ қой, щегол", - деп жазыпты Әнуарбек видеоның астына.


Басқа спорттық жаңалықтар