ММА

Ислам Махачев жартылай орта салмаққа көтерілетінін мәлімдеді

Ислам Махачев жартылай орта салмаққа көтерілетінін мәлімдеді
UFC Russia

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев жартылай орта салмаққа көтерілетінін мәлімдеді.

Махачев Леон Эдвардсқа қарсы титулды жекпе-жекті армандайды екен.

"Мен жеңіл салмақта ісімді бітірдім. Маған жаңа сынақ пен жаңа қарсыластар керек. Бір жігітті жеңем, одан кейін екіншісін деп ойлаймын. Дастиннен кейін Арман болады. Маған екінші белбеу керек. Жеңіл саалмақтағы белбеуді қалдырамын ба көреміз. Мүмкін екі белбеуді алып алып, екеін де қорғаймын", - деп береді Махачевтің сөзін New York Post Sports.

Басқа спорттық жаңалықтар