Жеңіл атлетика

Қазақстандық жас атлет Азия чемпионатында күміс жеңіп алды

Қазақстандық жас атлет Азия чемпионатында күміс жеңіп алды
mir-sporta.su

Дубайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан бір күміс иеленді.

Фаина Мейірманова биіктікке секіруде 1 метр 76 сантиметрді еңсеріп, екінші орын алды. Сондай-ақ, ол өзінің жеке рекордын жаңартты.

Еске салайық, жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі 24-27 сәуір аралығы өтеді. Жарысқа 30-дан аса елден спортшылар қатысып жатыр. Ал Қазақстан құрлықтық турнирге 42 спортшы жіберді.


Басқа спорттық жаңалықтар