Кәсіби бокс

Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді

Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді
instagram.com/kulakhmet_tursynbay/

Әуесқойда 2019 жылы Азия чемпионы болған қазақстандық Тұрсынбай Құлахметтің (6-1, 4 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді.

Тұрсынбай 26 сәуір Англияның Хайтон қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Қазақ боксшының қарсыласы 40 жастағы польшаплық Роберт Таларек (28-24-3, 19 КО). Жекпе-жек орта салмақ лимитінде болады және алты раундқа есептелген.

Тұрсынбай 2023 жылдың желтоқсанынан бері рингке шыққан жоқ. Ол кезде Англияда қазақ боксшы франциялық Фуад Эль-Массудиді (18-22-1, 2 КО) жеңген еді.

Басқа спорттық жаңалықтар