Кәсіби бокс

Қарсыласын нокаутқа түсірген боксшыны жанкүйерлер рингте сабап тастады

Қарсыласын нокаутқа түсірген боксшыны жанкүйерлер рингте сабап тастады
instagram.com/elsaev_m

Аустрия атынан жұдырықтасатын Ресей тумасы Мансур Эльсаев (18-1, 16 КО) пен Испания атынан өнер көрсететін кубалық Карлос Альберто Ламела (8-3, 5 КО) арасындағы титулды жекпе-жек жаппай төбелеспен бітті.

Венадағы Steffl Arena шаршы алаңында өткен айқас 12-раундта аяқталды. Ламела қарсыласын нокаутқа түсірді. Ал оған дейін 11-раундта ол Эльсаевті бір рет нокдаунға түсірген болатын.

Осылайша, Ламела жартылай ауыр салмақта EBU Silver тииулын жеңіп алды, ал Эльсаев карьерасында алғаш рет жеңілді.

Бұл кездесудің ең қызығы нокаутттан кейін басталды. Ламела жеңісіне қуанғаны соншалық, оны тойлаймын деп артық қимыл жасап қойып, Эльсаевтің жанкүйерлерін ашуландырып алды. Олар ринге атып шығып, жеңімпазды сабап тастады. Бұл төбелеске тіпті жеңілген боксшының бапкері Исаак Косашвили де кірісіп кетіпті, алайда кейін ол өз ісіне кешірім сұрады.

Бірақ оқиға мұнымен де біткен жоқ. Kronen Zeitung мәліметінше, Ламела тыйым салынған дәрмектер қолданды деген ақпарат тарады, енді осыған байланысты тергеу басталады. Ал жеңілген боксшы өте ауыр жарақаттар алған - қолы сынып, миы шайқалған екен.


Басқа спорттық жаңалықтар