Кәсіби бокс

Ангелина Лукас екі титул үшін айқасатынын мәлімдеді

Ангелина Лукас екі титул үшін айқасатынын мәлімдеді
instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (8-1, 4 КО) 25 сәуір Бангкокта өтетін жекпе-жегіне қатысты жаңа деректерді айтты.

Бұл жолы оның қарсыласы үндістандық Мамта Сингх (5-1, 2 КО) болады. Лукастың айтуынша, бұл жекпе-жекте екі бірдей титул сарапқа салынды.

"WIBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін айқасуға дайындалып жатқанымды көпшілік біледі. Бірақ кеше Бангкокқа әлемдегі ірі федерациялардың бірі WBF президенті келді, Ол осы жекпе-жекте WBF титулы да сарапқа салынатынын хабарлады. РЕКЛАМА schneider-kazakhstan.kz Schneider Electric Казахстан Склад оборудования Шнайдер Электрик. Весь ассортимент без посредников! Узнать больше Мұндай титул әлемнің абсолют чемпионы Кларисса Шилдсте де бар. Ертең WIBF және WBF белбеулері үшін айқас. Бұл абсолют чемпион атануға апара жол! Бұл мен үшін тарихи күн! Мен атымды тарихқа жазу үшін бар күшімді саламын", - деп жазыпты Лукас Instagram желісінде.

Басқа спорттық жаңалықтар