Шаңғы Спорты

Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталды

Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталды
Видеодан скрин

Ақмола облысында есірткі тасымалдаған бапкер сотталды.

Облыстық қылмыстық соттың мәліметінше, Аршалы ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы пәнінен жаттықтырушы сату мақсатында Астанадан Аршалы ауданына есірткі алып бара жатқан жерінде ұсталған. “Қарасора” операциясы барысында 37 жастағы азаматтың көлігін тінту кезінде жүк салғышынан жалпы салмағы 40 келідей төрт қап гашиш табылды.

Сот ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.


Басқа спорттық жаңалықтар