Садақ ату

Қазақстан да қатысады. Шанхайда садақ атудан әлем кубогі басталды

Қазақстан да қатысады. Шанхайда садақ атудан әлем кубогі басталды
Ұлттық олимпиадалық комитет

Қытайдың Шанхай қаласында садақ атудан әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды.

28 сәуірде аяқталатын бұл жарысқа Қазақстан атынан Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алған Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко да қатысады.

Жалпы әлемдік додаға Қазақстан сапынан 16 спортшы қатысады.

Олар: Классикалық садақ ату: Ерлер: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Әлихан Мұстафин, Александр Еременко.

Әйелдер: Алина Ілиясова, Гаухар Игібаева, Диана Тұрсынбек, Алуа Мұхтарханова.

Блоктық садақ ату: Ерлер: Сергей Христич, Ақбарәлі Қарабаев, Андрей Тютюн, Бунед Мырзаметов.

Әйелдер: Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Эльмира Раисова, Айжан Сейдахметова.

Басқа спорттық жаңалықтар