Дзюдо

Қазақстандық Азия чемпионы карьерасын қайта жалғастыратын болды

Қазақстандық Азия чемпионы карьерасын қайта жалғастыратын болды
judoinside.com

3-5 мамыр аралығында Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан "Үлкен дулыға" турнирі өтеді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады. Ерлер арасындағы жарысқа қатысатындар тізімінде Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза да бар.

Дидар өткен жылдың қыркүйек айында мансабын аяқтағаны жайлы хабарлаған еді. Одан бергі аралықта жарыстарға қатысқан жоқ. 90 кило салмақта мансабын қайта жалғап, алдағы "Үлкен дулыға" турнирінде бағын сынамақ.

Басқа спорттық жаңалықтар