Теннис

16 жастағы Омарханов теннистегі алғашқы миллиондық табысын көрді

16 жастағы Омарханов теннистегі алғашқы миллиондық табысын көрді
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ATP санатындағы турнирде дебют жасады.

Қазақстандық 16 жастағы вундеркинд Мадридте (Испания) өтіп жатқан беделді Masters санатындағы турниріне қатысу үшін wild card алды. Омарханов іріктеу кезеңінің бірінші айналымында корт иесі, әлемнің бұрынғы тоғызыншы ракеткасы – тәжірибелі Роберто Баутиста Агутпен (әлемдік рейтингіде 86-орын) кездесті.

Матч 6:2, 6:1 есебімен испаниялық теннисшінің жеңісімен аяқталды, бірақ жас теннисші Әмір Омарханов қарсыласын анағұрлым күшті соққысымен таңғалдырды.

Оған тіпті ATP 1000 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін ақшалай сыйақы да берілді. Әмір Омарханов 6 мың 130 еуро, яғни 2,9 миллион теңге табыс тапқан.

Еске салайық, Әмір Омарханов биыл жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің ширек финалына дейін жеткен еді.

Басқа спорттық жаңалықтар