Футбол

Левандовски Германия чемпионатына оралуы мүмкін

Левандовски Германия чемпионатына оралуы мүмкін
Twitter/FC Barcelona

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски каталондық клубтан кетуі де мүмкін екен, деп хабарлайды Championat.com.


Todofichajes мәліетінше, польшалық шабуылшыға Сауд Арабиясы, АҚШ пен Германияда қызығушылық танытып отыр. Германияда футболшыға «Боруссия» көз тігуде. Оның үстіне форвардтың өзі де клубқа қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармады. Бірақ «Барселона» Левандовскиді жақын арада жібермек емес.


13 тур қорытындысы бойынша «Барселона» 30 ұпаймен Испания чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында келеді. Биылғы маусымда Левандовски барлық турнирлерде 14 матчқа қатысып, сегіз гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Басқа спорттық жаңалықтар