Теннис

19 жастағы қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирден шығып қалды

19 жастағы қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирден шығып қалды

Қазақстандық жас теннисші Аружан Сағындықова Грузияның Лопота қаласында өтіп жатқан Хардкорт ITF турнирінде жұптық сындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Қазақстандық теннисші ресейлік Дарья Кудашовамен бірге ресейліктер Кира Павлов және Аглая Феоров дуэтімен бір жарым сағаттай ойнап, үш сетте 7:6, 2:6, 1:10 жалпы есебімен ұтылды.

Айта кетейік, кеше 19 жастағы Сағындықова жекелей сында да беларуссиялық Эвелина Ласкевичтен ұтылды. ОСылайша, ол бұл турнирде жарыс жолын екі сында да аяқтады. 

Басқа спорттық жаңалықтар