Футбол

Шымкенттік «Ордабасы» бапкерсіз қалуы мүмкін

Шымкенттік «Ордабасы» бапкерсіз қалуы мүмкін
"Ордабасы" ФК

Шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері Александр Седнев өзін қызметінен босатуды сұрапты.

«Команданың бас бапкері Александр Седнев «Қызыл-Жармен» өткен ойыннан кейін клуб басшылығына қызметінен кеткісі келетінін хабарлады. Шымкент қаласының басшылығы шешім қабылдауға уақыт алды», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, командалар премьер-лиганың бесінші турының матчында кездесіп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Шымкенттік клуб Қазақстанның қазіргі чемпионы екенін еске салайық.

Басқа спорттық жаңалықтар