Бокс

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде екі алтын жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде екі алтын жеңіп алды
ordo.kz

Қазақстандық екі боксшы Бішкекте өткен Дуйсенкул Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнирде алтын жеңіп алды.  

75 келіде өнер көрсететін Бақберген Әлиасқаров финалда ринг қожайыны Даниэль Абдурахмановпен жұдырықтасу керек болған, алайда қырғызстандық боксшы соңғы айқасқа шықпады. Осылайша, қазақстандық боксшы жекпе-жексіз чемпион атанды. 

Ал 86 келідегі финалда Аман Қазанқапов Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері - қырғызстандық Эркин Адылбек уулун (2019, 2021 және 2022 жылдары ол қола жеңіп алған) жеңіп сенсация жасады.

  Айта кетейік, турнир барысында Қазанқапов өзбекстандық екі боксшыны - Мирзамурад Умаров пен Мадумар Бахрамовты жеңген боалтын.

Басқа спорттық жаңалықтар