Футбол

Қазақстан құрамасының қатары легионерлермен толықты

Қазақстан құрамасының қатары легионерлермен толықты
ҚФФ


Шетелдік клубтарда ойнайтын Қазақстан құрамасының футболшылары Еуро-2024 іріктеу мачтері алдында ұлттық құрамаға қосылды. 


"Шетелде өнер көрсетіп жүрген ойыншыларымыз құрама қатарын толықтырды", - деп жазапты ҚФФ Instagram желісінде Нұралы Әліп, Рамазан Оразов, Лев Скворцов, Александр Зуев пен Марат Быстровтың суретін жариялап. 


Еске салайық, Магомед Адиев жаттықтыратын команда 17 қараша өз алаңында Сан-Мариномен, ал 20 қараша сырт алаңда Словениямен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар