Кәсіби бокс

Данияр Елеусінов өзбек боксшымен жұдырықтаспайтын болды

Данияр Елеусінов өзбек боксшымен жұдырықтаспайтын болды
Instagram/yeleussinovdaniyar

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жекпе-жекке шықпайтын болды. Бұл туралы менеджер Зия Алиев мәлімдеді. 

Жекпе-жек 27 сәуір Алматыда өтетін "IBА чемпиондарының түні" атты бокс кешінде болу керек еді. Елеусінов жарақат алып қалып, бұл айқастан бас тартуына тура келді.

25 жастағы Джафаров - екі дүркін Азия чемпионы (2021, 2022) және әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2023).

Басқа спорттық жаңалықтар