Теннис

ATP жаңартылған рейтингінде қазақстандық теннисшілердің орны өзгерді

ATP жаңартылған рейтингінде қазақстандық теннисшілердің орны өзгерді
ktf.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Жаңартылған тізімде Александр Бублик 18-орнын сақтап қалса, Александр Шевченко 63-тен 59-ға, Михаил Кукушкин 132-ден 129-ға көтерілді.

Бейбіт Жұқаев 189-дан бірден 182-ге жоғарылады. Осылайша, Бейбіт өзінің бұрынғы үздік көрсеткішін (186) жаңартты.

Денис Евсеев 185-тен 184-ке шықса, Дмитрий Попко 233-тен 234-ке, Тимофей Скатов 267-ден 271-ге төмендеді.

Рейтингте алғашқы үштікте сербиялық Новак Джокович, италиялық Янник Синнер, испаниялық Карлос Алькарас тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар